Дауыл ауылды талқандап өтті (БЕЙНЕБАЯН)
Өткен сенбіде Денисов ауданына қарасты Глебов ауылы үстімен алапат дауыл өтті.Мамандар оның жылдамдығы секундына 25 метр болғандығын айтып отыр. Бұрын-соңды мұндай жойқын құйынға душар болмаған жергілікті тұрғындар есеңгіреп қалған. Келген зардаптың көлемі зор. Екі үйдің шатырларын ұшты-күйлі етіп, қабырғаларын сөгітіп кеткен. Терезелер ернеуімен қоса жұлынып, бөлмелер іші күл-талқан болған. Тіпті ауладағы ауыр жүк көліктерінің де төрт дөңгелегі аспаннан келіп жатыр. Маңайдағы тағы бірнеше үйге де айтарлықтай нұқсан тиді. Сондай-ақ, ауылға кіреберістегі көпірге де залал келді, дауыл жаяу жүргіншілерге арналған өткелдің ұзындығы 3 метр, ені 1,5 метр болатын 12 темір-бетонды тақтаны талқандап кеткен.
Оқиға болған күні жергілікті тұрғындар долы дауыл зардабын әуесқой бейнетаспаға жазып алып, Ютуб желісіне жүктепті:
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖ бойынша арнайы комиссия жұмыс істеуде. Зардап шегушілерге өтемақы төленбекші.