Рұқсат алу жеңілдеді

Кез келген елді мекен мен   шаһарлардың көшелерінде  сан түрлі сипатқа ие мәні мен мағынасы да әртүрлі сыртқы жарнамалар бірден көзге шалынады. Осынау жарнамаға қатысты  біздің облыс орталығында да   көптеген кемшіліктер бар. Әсіресе, мемлекеттік тілде жазылған  мәтіндердегі қателерді көргенде қарның ашады.
жарнамаДегенмен, бұл жөнінде Қостанай қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдиннің көзқарасы басқаша. Оның мәлімдеу-інше, шаһар көшелеріне өз жарнамасын орнатқысы келетін кез келген кәсіпкер әкімдіктің жер қатынасы және сәулет бөлімдерінің келісімін алады. Жарнамасындағы жазудың мән-мағынасын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жауапты мамандары тексереді. Сонымен қатар, көше жарнамаларына қойылатын басты талаптардың бірі – азаматтардың жеке басына қол сұқпауы, ұлтаралық араздықтарды қоздыратын, әдепсіз қылықтарға итермелейтін суреттер мен мәтіндер болмауы тиіс.
Ал, кәсіпкерлер болса, өздерінің өнімін насихаттайтын жарнамаларды қала көшелеріне орналастыру үшін алтын уақытын сарп етіп, бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырып жүріп рұқсат алатындарын айтады. Осындай қағазбастылық тосқауылдардың кесірінен үлкен баннерлерден кішігірім мәтіндердегі қателер дер кезінде тексерілмейтінін алға тартып отыр.
Осынау мәселеден хабардар болған   Үкімет  басшылары оңтайлы шешім шығарды.   Енді  жарнама иелері үшін жағымды жаңалық бар. Елді мекендерде жарнамасын орналастырғысы келген  заңды тұлға рұқсат алу үшін бұрынғыдай сабылмай  жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінсе жеткілікті.
Сондай-ақ, оны электрондық үкімет порталы арқылы алуға да болады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба мен қажетті құжаттардың электронды түрде болуы керек.
Рұқсат алу үшін мынандай  құжаттар тапсырса жеткілікті.  Жазбаша өтініш, жарнаманың түс бояуы мен өлшемдерінің нобайы, жеке куәлік  және сенімхат. Егер жарнама елді мекендердің аумағында  болған жағдайда, жоғарыда аталған  құжатқа қосымша жер телімінің немесе нысанның  нотариалды куәландырылған құқық беру құжатының көшірмесін, сонымен қатар күндізгі және түнгі жарнама суретінің нобайын және объектінің іс-әрекетін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімін беру қажет.
"ХҚКО" РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабайдың айтуына қарағанда,  бұл мемлекеттік қызмет   2012 жылдан бастап көрсетіледі. Рұқсат алу құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін 5 жұмыс күннің арасында шешім шығарылып, тиесілі құжат  беріледі.  Жыл өткен сайын орталықтың көмегіне жүгінетіндердің саны өсіп келеді. Мәселен, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша өңіріміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында  сыртқы жарнама орналастыру үшін 245 рұқсат қағазы берілді. 
 
Мешіт Ғазиз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓