Ғасырмен бірге жасасқан

Сапар Ерғалиұлы 1914 жылы 1 тамызда Торғай уезінде 11 ауылда Тосын жерінде туған. Әкесі Ерғали Ақталиұлы орта шаруа еді. Сапар Ерғалиұлының 6 жасында әкесі қайтыс болды. Шешесі мен басқа туыстары 1930 жылы Тосын бойынан  Тобыл бойындағы Әулиекөл ауданының Степной ұжымына көшіп келді.
сапар ергалиулыМал шаруашылығында  Сәкеңнің алғашқы еңбек жолы басталды. Жасынан еңбек етуді үйренген, жұмыста шаршағандығын сезбей мал бағып, пішен орып, қай іске кіріссе де, барлық жұмысты байсалдылықпен, еңбек-қорлықпен орындады. Осындай қасиеттерімен көзге түскен  дарынды жігітті  зоотехникалық курсқа оқуға жіберіп, оқып бітіргеннен кейін 1933-40 жылдары зоотехникалық қызмет істеді. Қарамағында: Қоржынкөл, Степной, Жамбаскөл, Сабынкөл ұжымшарлары болды.  Сол жылдары малды асыл тұқымдастыру жұмысы басталды. Сапар Ерғалиұлы өзінің қарамағындағы жұмысшылардан, көмекшілерінен: ет өнімді асыл тұқымды малды іріктеп, мал азығының рационын жақсы дайындауды, малды күтуге басты назар аударуды қатаң талап етті. Төрт жыл маңдай терін төгіп  істеген еңбегінің жемісі  лайықты бағаланды.
1938 жылы КСРО ауыл шаруа-шылығы өнімінің  жақсы өндірушілерімен бірге Москвадағы Бүкілодақтық көрмеге қатысты. 1941-1943ж. Сапар Ерғалиұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, жастарды әскери өнерге тәрбиеледі. 1943ж. наурыздан–1945 жылдың наурызына дейін Таран ауданының Жалшы ұжымшарына басқарма болып істеді. Бала-шаға, әйелдер мен қарттарға басшылық жасап, колхозды бір жыл ішінде қатардағы жақсы шаруашылық етіп көтерді, отанымызға ет, астық тапсырып, алдағы қатарда болды. 1945-46 жылдары Сапар Ерғалиұлы Таран аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1947-58ж.ж. Таран ауданындағы Қоржынкөл, Ақтөбе ауылдарында басқарма болып істеді, Аманқарағай совхозында бө-лімше меңгерушісі қызметін үлкен абыроймен жақсы атқарды. Халқының қалаулысы, аудан облыстың беделді ауыл шаруашылық басшыларының үлкен құрметіне ие болды.  1956 жылы Москвадағы Бүкіл одақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып,  көрменің алтын медалімен марапатталды.
1959ж.-1987 жылдары Сапар Ерғалиұлы өзінің мол тәжірибесі, басқарушылық қабілетінің арқасында  Таран ауданының Г.Вачасов атындағы үлкен шаруашылықтың директоры болып тағайындалды. Сапар Ерғалиұлы зейнеткерлік демалысқа шыққанша ақ адал маңдай терімен қызмет істеді. Шаруашылық жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сәкең небір жас буын кадрларды тәр-биелеп шығарды.   Ол кісімен істеген мамандар кейін директор, зоотехник, агрономдық басты қызметтерді істеді. Өзі аянбай істеген еңбегі, өз мамандығын жетік білуі, зор талапкершілігі лайықты абырой атаққа, үлкен құрметке бөледі. Соның бір айғағы Сапар Ерғалиұлы Қазақстан Компартиясының 15 съезі мен   СОКП 23 съезіне делегат болып сайланып,  Мәскеуге барды.  Ауылшаруашылық өндірісінің дамуына зор үлес қосқаны үшін  "Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері" атағына ие болды. Ленин ордені, 3 Еңбек Қызыл ту ордендері, Қазан төңкерісі орденімен және де көптеген медальдарымен марапатталды.  Ол Республикаға танымал құрметті кісі болатын.  Кез-келген мемлекеттік мәселені жүзеге асыруда: астық тапсыру, мал өнімдерін, сүт, ет артығымен жылдық жоспарды орындап отырды.
Халықтың тұрмыс жағдайын көтерді. Әр бөлімшеде мәдениет үйі, мектеп, балалар бақшасы, су, үйлерінде жылу болды. Совхоздың дербес Демалыс үйі болды. Онда жұмысшылар, зейнеткерлер демалып, қаралып денсаулықтарын дұрыстап отырды. Халықтың мұң-мұқтаждығын бар күш жігерімен, дұрыс шешімдерімен орындап отырды. 1987 жылы С.Ерғалиевті халық зор құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды. Содан кейін  ұзақ уақыт ардагерлер кеңесін басқа-рып, ауылдастарына тұрмыстық мәселелерін шешуге үлес қосты. Оларды ақыл-кеңесімен, адамгершілік қасиетімен демеп отырды.
Г.Вачасов кеңшары жақсы табыстарға жетіп, аудандық өнегелі қызыл ту, облыстық грамоталар алғанда айтқан сөзі:  " Мен істеді дегенше, Ер істеді десейші! Ер істеді дегенше, Ел істеді десейші!" – деп, халықтың қадірін білген,  бағалаған кісі еді.
Халықтың қамқоршысы, елдің беделді ақсақалы Сапар Ерғалиұлы Ерғалиев 1996 жылы 10 наурызда қайтыс болды. Сапар Ерғалиұлының бейіті Қоржынкөл ауылының жанындағы үлкен қорымда.
Таран ауданының ел-жұрты, жергілікті ер-азаматтар Сапар Ерғалиұлының 100 жылдығына арналған мәжіліс өткізіп, ардагер рухына бас иді. Қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылып, соңы той-думанға ұласты.
Сәкен Мұрзағалиев.
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓