16 жыл жөндеу көрмеген…

Он алты жыл жөндеу көрмеген облыстық балалар ауруханасы жаңа кейіпке енбек. Мұнда бірер күнде күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Қазір ғимараттың кір жуу, бөлмесі мен асханасындағы ескі, пайдаланылған жабдықтар басқа корпусқа көшіріліп жатыр. 
балалар ауруханасы
Аурухана басшылығы пациенттердің ата-анасынан уақытша шектеулі жағдайларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Пандемияға байланысты медицина ұйымдарының көпшілігі провизорлық орталыққа айналды. Сондықтан, емделуші балаларды апаратын басқа жер жоқ.
– Шартта күрделі жөндеу үшін ғимаратты толығымен босатуымыз керек екені көрсетілген. Өкінішке қарай, қазіргі жағдай оған мүмкіндік бермей тұр. Мердігерлермен келістік. Алтыншы қабатты түгелдей босата алмаймыз, әлеуі бір бөлігін, кейін жартысын жөндетеміз. Палаталарға шаң кірмеуі үшін жұмыс жүретін аумақты бөліп қоямыз. Құрылысшылар қатты шуламауға уәде беріп отыр, – дейді бас дәрігердің м.а. Ұлықбек Асылбеков.
Ауруханада көп нәрсе жаңарғалы тұр. Ескі терезелер пластик әйнектерге ауыстырылады. Ғимараттың қасбеті өзгертіліп, ауласы абаттандырылады. Екібастұздан келген мердігер күрделі жөндеуді 2021 жылдың қаңтарында аяқтап бермек. Содан кейін жергілікті бюджет арқылы жиһаз бен жабдық сатып алу жоспарда бар. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓