Тұңғыш рет кәсіподақ шыршасы өтті
Жаңа жыл қарсаңында білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы Қостанай облысы білім басқармасымен бірлесіп6 облыстың білім беру қызметкерлерінің балаларына арналған «Жарқыра6 Қазақстан, жарқыра6 туған жер» атты балалар шыршасын өткізді.

Мерекелік іс-шараға 500-ден астам бала қатысты. Оларға "Карнавал" би ансамблі мен цирк әртістері мерекелік көңіл-күй сыйлады.
–Біздің ұйымның құрылғанына бар болғаны төрт ай. Басты бағытымыз – балалармен жұмыс істеу. Кәсіподақ шыршасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Оған облыстың барлық балалары қатысуы тиіс. Өйткені, біздің өңірде 30 мыңнан астам адам білім саласында жұмыс істейді, – деді Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Татьяна Ескендирова.


Әсел Қибаш