Мерзім ұзартылды

Сәуір айының ортасынан басталған Қостанайды санитариялық тазарту айлығы мамыр аяғына дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық әкімдікте айтылды. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов кәсіпорындар мен жеке ұйымдарды жаппай тазалық айлығына қатысуға шақырады.таби5ат
– Қостанай – Қазақстандағы ең таза қалалардың бірі. Сондықтан да барлығымыз атқаратын жұмыс көп. Санитариялық тазарту бойынша белгіленген іс-шараларды атқаруды қарапайым қала тұрғындарынан бастап, ірі-ірі мекемелерге дейін қолға алуы тиіс. Еріген қардан кейін, қыс бойы жиналған қоқыстарды жинау жұмыстарын негізінен мердігер ұйымдар жүргізіп жатыр. Жұмыс бригалардың тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылған. Енді күн жылығаннан кейін осы жұмысты көпшілікпен жұмыла жасауымыз керек. Әуелі, қаланың барлық аумағын тазарту үшін санаулы кәсіпорындардың күші аз. Сол себепті тұрғындардың өздері тұрып жатқан мөлтек ауданның, қала берді, ауласын таза ұстауға мүмкіндіктері бар. Қала тазалығы барлығымызға ортақ екенін естен шығармайық! – деді Базыл Жақыпов.
Жиын нәтижесінде бейсенбі мен жұма күндері бірыңғай экологиялық күндер болып жарияланды. Әр мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың басшылары өздерінің іргелес аумақтарын, бекітілген көшелері мен скверлерін тазартуы тиіс. Апта сайын бекітілген кесте бойынша рейдтер өткізіледі. Айта кету керек, қазірдің өзінде санитарлық тазалық айлығында көптеген ұжымдар белсенділік танытты. Баймағамбетов көшесіндегі "Медеу" қонақ   үйі, Урицкий  көшесіндегі "Виктория" сақтандыру қоғамы, Тәуелсіздік көшесіндегі "Тұмар" рестораны, спорт сарайы "Агротехмаш", "Фармаком" ЖШС-тері, Чкалов көшесінен офтальмология ауруханасы, Мирошниченко көшесіндегі №27 балабақша өздеріне тиесілі аумақты тазалап қойған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓