Бірлік күні шақырады!

(Мерекелік іс-шаралар жоспары)
Мамыр айының алғашқы күні қостанайлықтар Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі осы мерекені думандатуға арналған іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр.
Мейрам 1 мамыр күні облыстық әкімдік алдындағы алаңда сағат 11.00-де басталады. Қаланың шығармашылық ұжымдары "Достық пен бейбітшілік шаңырағының астында" атты концерттік бағдарламамен мереке шымылдығын ашады.1 май
Осы уақытта орталыққа жақын әл-Фараби даңғылы бойында этномәдени бірлестіктердің "Шай – достық пен қонақжайлық нышаны" аталатын көрмесі өз жұмысын бастайды. Яғни, әртүрлі этностар өздерінің шай демдеудегі дәстүрлері мен әдеттерін көрсетпек. Сондай-ақ, олар қала тұрғындарының назарына "Мәдениет үндестігі" декоративті-қолөнер көрме-жәрмеңкесін ұсынады.
Сағат 11.30-дан 13.30-ға дейін Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әртістері мен шығармашылық ұжымдары "Біздің бақытымыз – бірлікте"  атты концерттік бағдарламамен мейрам көрігін қыздыра түседі.
Ал, сағат тілі 12.00-ді соққанда тұрғындар спорттық алаңдарға барып, ұлттық ойындарға (асық ату, тоғызқұмалақ, нарды, арқан тарту, т.б.) куә бола алады.
"Қоғамдық келісім" ҚММ этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы "Ұлт бірлігі – ұлы байлық" атты концерттік бағдарламасымен 13.30-да сахнаға шығады. Олардың өнерін 15.00-де "Гүлдей бер, Қазақстан!" аталатын концерттік бағдарламасымен Қалалық балалар шығармашылығы мектебінің балалар ұжымы сабақтайды.
Осы уақытта Мәдениет және демалыс саябағының жазғы сахнасында этномәдени бірлестіктердің балғын өкілдері "Қазақстан – менің алтын бесігім" атты балалар шығармашылығының этнофестивалі арқылы тұрғындарды құттықтайды.
Кешкі бағдарлама сағат 18.00-де "Достық кубогы" атты КТК ойындарымен басталады. Мерекелік шаралар "Бауырлас жүректер" атты концерттік бағдарламамен қорытындыланады. Оған облыс орталығының жас ұжымдары қатыспақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓