Партиялықтар көмек көрсетті

Күні кеше партия Қостанай облыстық филиалының Төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырмасы бойынша партия мүшелері Қарасу ауданының Зеленов ауылында "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының жиналысын Қостанай облыстық және Қарасу аудандық мәслихаты депутаттық қатысуымен өткізіп, су тасқыны салдарын жою үшін және жедел көмек көрсету бойынша әрекеттерді нақтылады.IMG-20170425-WA0023Топ облыстық мәслихат депутаттары Екатерины Смышляева мен Татьяна Булгацевич және «Нұр Отан» партиясы облыстық активінің мүшелері ауыл тұрғындармен кездесіп, оларды тыңдап, көмек көрсетті.
Партиялықтар әр адамның жай-күйімен танысып, зардап шеккен үйлердің иелерімен әңгімелесіп, өтініштерін тыңдады. Әрбірі өзінің оқиғасымен бөлісіп, табиғи апаттан зардап шеккені туралы айтты.
Айта кету керек, аулаларды аралау барысында барлық қажетті азық-түлік, керекті заттардың тізбесі жасалды. Мысалы, дәрі-дәрмекке мұқтаж тұрғындар аңықталып, жүк көлігімен ауылға қажетті дәрі-дәрмектер жіберілді. Сонымен қатар, бір топ облыстық мәслихат депутаттарының көмегімен көп балалы 7 мұқтаж отбасы анықталып, оларға жедел түрде 150 мың теңгеге азық-түлік әкелінді.
Үй жөндеу мәселесі де біртіндеп өз шешімін тауып жатыр. Қарасу аудандық мәслихатының депутаты Қадырбеков Б.Б. көмегімен жақын арада 8 тонна құм, 2 тонна цемент ауыл түрғындарына жіберілді. Сонымен қатар, үйлерді кептіру үшін 20 тонна көмір бөлінді.IMG-20170425-WA0027Ауыл тұрғындары кездесу барысында партия мүшелеріне тұқымдық картоптың қажетілігі туралы да айтып өтті, өйткені тасқын су бұрынғы картопты жойып жіберген болатын. Бұл мәселені шешу бойынша "Садовод" ШҚ директоры Симоненко В.Ф. өз үлесін қосып, ауыл тұрғындарына 1,5 тонна тұқымдық картоп жіберді.
25 сәуір күні партиялықтар осындай максатпен Жамбыл ауылында да болды.
Жұмыс осымен аяқталмайды және су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына жедел және үйлесімді көмек көрсету, табиғи апаттын салдарын жою – бүкіл қостанайлықтар үшін ең маңызды мәселе болуда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓