Тұрғын үй көмегі кімдер үшін?

Елімізде аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Аталмыш көмекті коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді күтіп-ұстауға пайдалануға болады. Былтыр Қостанай облысында үш мыңға жуық отбасы тұрғын үй көмегін алған. Сол үшін 68,6 млн теңге бөлінді, деп жазды alau.kz.
Көмек алу үшін өтінішті ХҚКО-ға немесе «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін алуға онлайн өтініш беруге болады.
-Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Оның өзіндік тәртібі бар. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, аталған көмекті көбінесе мүгедектер, зейнеткерлер және көп балалы отбасылар алған,-деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Максим Устинов.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓