Зардап шеккендерге – 62 млн теңге

Halyk Bank жергілікті биік ұсынған тізім бойынша, өрттен зардап шеккен 62 тұрғынның есепшотына 1 млн теңгеден аударды. Сондай-ақ баспанасыз қалған адамдардың басындағы несиелері кешірілді. Бұл туралы "Тенгри ньюс" жазды.
"Біздің жағдайда кез келген көмек өте құнды. Қазақстандықтардың қиын кезде әрқашан көмектесуге және қолдауға дайын тұратыны көңіл қуантады. Мен барлық адамға, әкімдікке қолдау көрсеткені үшін және HalykBank-ке несиені есептен шығарғаны және қаржылық көмек көрсеткені үшін ризамын. Бұл қаражат біздің тұрмысымызды қалпына келтіруге және өрттің салдарымен күресуге мүмкіндік береді", – дейді зейнеткер, зардап шеккен үйдің иесі Алла Михайловская.
Айта кетейік,мұның сыртында өрттен жапа шеккен тұрғындарға арналып жаңа баспаналар салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары қараша айына дейін аяқталуы тиіс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓