Белбеу күресінің асар белі алда

      Биыл  облыста тұңғыш рет  белбеу күресінің федерациясы ашылды. Ал жуырда Ақтөбе қаласында  ерлер және әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Оған  біздің облыс палуандары алғаш рет қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бозкілем шеберлері арасында 82 келі салмақта Әділ Ермағамбетов және 100 келіден жоғары салмақта Талғат Жиентаев сәтті өнер көрсетті.ТАЛГАТ (1)
      Жалпы, белбеу күресі екі түрге бөлінеді. Оның  еркін түрі бойынша  белден ұстап тұрып аяқпен жұмыс жасауға, яғни шалуға, іліп-қағуға болады. Ал класикалық жағдайда құр ғана белбеуден ұстап күреседі. Мұнда аяқпен жұмыс істеуге болмайды.
      Қостанайлық палуандар белбеу күресінің еркін түрі бойынша белдесті. Осы сында Әділ Ермағамбетов  Қазақстанның өткен жылғы чемпионы және Әлем чемпионатының  жүлдегерін жеңді. Келесі қарсыласын да айқын басымдылықпен ұтқан. Тек финалға жолдама алар тұста жарақат алып, жолы болмады. Ал  Талғат Жиентаев өз салмағында чемпионаттың «қола» жүлдесін жеңіп алды.
      Орайы келгенде айта кету керек, Тобыл өңірінде белбеу күресі енді ғана дамып келе жатыр.  Федерацияға самбодан және еркін күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы Анатолий Веклич жетекшілік етеді. Федерация төрағасы ретінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан Әлемнің екі дүркін чемпионы Нұржан  Ермағамбетовтің көп еңбек сіңіріп жүргенін айта кету керек. Сондай-ақ, аға жаттықтырушы, ҚР ұлттық дәрежедегі төреші Сәлім Атығаев пен самбодан спорт шебері Ержан Қабидуллиновтер белбеу күресінің Қостанай жерінде кең қанат жаюуына барынша ықпал етіп отыр.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓