“Жас тұлпардың” жеңімпазы анықталды
Меңдіқара ауданында облыстық "Жас тұлпар" оқушлар айтысы өтті. Өңірдегі қалалар мен аудандардан 16 жас ақын қатысып, өз бақтарын сынады. Сөз додасында белгілі жазушы, журналист Ғұмар Ахметчин, танымал айтыскер ақындар Әлпия Орманшина, Роза Олжабаева, Салтанат Өтелбаева, жыршы-термеші Қыдырбек Қиысханұлы төрелік етті. Түбіт қанат ақындар өз шама-шарқынша қоғамдағы түйткілді мәселелерді қозғап, отансүйгіштік пен ата дәстүрлерді сыйлауға шақырды. Қыз бен жігіт айтысы да көрініс тапты. Қазылар шешімі бойынша бас жүлдені меңдіқаралық оқушы Дінмұхамед Құсайынов, 1-орынды Аманкелді ауданынан келген Жанболат Мықыш, 2-орынды Бекзат Нұрмұхамед (Жангелдин ауданы), Әсет Еркебұлан (Таран ауданы) иеленді. 3-орынды Талғат Талапұлы (Арқалық қаласы), Ержан Сәндібек (Алтынсарин ауданы), Айдана Мақанова (Науырзым ауданы) сынды жас ақындар өз қоржындарына байлады.
Меңдіқарада айтыс болмағалы қашан. Ақындар жастығына қарамастан тапқыр сөздерімен, əдемі əзілдерімен көңілімізден шықты. Көрермендер атынан үлкен алғыс айтамыз.
Маған Дінмұхамед пен Жанболаттың айтысы ұнады