Балалар байқауы басталды

"Халық сүйіктісі" Ұлттық сыйлығының аясында "Жас Өркен" республикалық балалар байқауы бастау алды. Бұл сыйлықпен ерекше дарынды балалар марапатталатын болады.  байкау
2019 жылдың 20 ақпанынан бастап, бірнеше апта бойы интернет тұтынушылар Facebook әлеуметтік желісінде, сыйлықтың ресми тобында өздерінің номинанттарын ұсына алады. Қазіргі таңда ұйымдастырушылар комитеті уақыт талабына келетін мынадай 14 деңгейді таңдап қойды:
"Жас зерттеуші" (олимпиадалар, интеллектуалды байқаулар жеңімпаздары, ғылыми жобалар авторлары );
"Жас дарын" (үздік әртіс);
"Жас толағай" (үздік спортшы);
"Жас патриот" (ерлік көрсеткен балалар);
"Жас эколог";
"Жас қанат" (үздік әнші);
"Жас биші" (үздік биші);
"Жас қалам" (үздік шығармашы);
"Жас блоггер" (үздік блогер, бейнеблогер); 
"Үздік ерікті"; 
"Жас ақын" (үздік шешен, дебатшы);
"Жас суретші";
"Жас музыкант" (аспапта ойнаудың үздігі);
"Жас фермер".
Сондай-ақ, "Әлеуметтік үздік жоба", "Балалар үшін", "Үздік мектеп", "Үздік балалар ұйымы", "Үздік балалар басылымы", "Үздік балалар бағдарламасы" және "Үздік балалар фильмі" (отандық) секілді арнайы аталымдар бойынша да сыйлықтар табыс етіледі.
Үміткерлерді байқауға қосу 1 наурызда басталады. 
Одан кейінгі кезең – ұнаған қатысушыға дауыс беру – 5-31 наурыз аралығында Facebook әлеуметтік желісінде "Халық сүйіктісі" сыйлығы тобында өтеді. 
Дауыс берудің екінші кезеңі осы жылдың 5-15 сәуір аралығында lubimec.kz сайтында жалғасады. 
Бұл сыйлықты ұйымдастырушылар – "Республика-Аймақ-Даму" ОФ және "Қостанай дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталық. 
Лауреаттарды марапаттау салтанаты осы жылдың мамыр айының аяғында Қостанай қаласында өтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓