Жерлестер жеңіс тұғырында

15-16 сәуірде Семей қаласында NOMAD MMA атты ұлттық жекпе-жектен ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа елдің 13 облысынан14 жас және одан жоғары төрт жүзден астам спортшы қатысты. боой
Біздің облыстың құраманың негізгі мүшелері – ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары.болевойЖарыс қорытындысы бойынша, ІІМ академиясының курсанты Жұмабек Иманбаев чемпион атанды және спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ, жітіқаралық Шендик Виктор қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.
Күмістен алқа тағынғандар – Жұмабек Әділханов пен Бақтияр Болатов. Ал облыс қоржынындағы жалғыз қола Мұстафа Жанболатқа тиесілі. бой
Бір мақтанышпен айтарлығы, осы жекпе-жектің жеңімпаздары өздерінің шеберліктерімен көзге түсті. В.Шендин қарсыласын көпке ұзатпай ауырту әдісімен жер соқтырса, қоян қолтық жекпе-жектен спорт шебері Ж.Иманбаев тегеурінді бәсекелесін екінші раундта нокаутқа жіберді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓