Заң еңбек еткен азаматтарды қорғайды
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдардағы ауыртпалыққа қарамастан, кәсіподақ ұйымдарын таратпай, ТМД елдері арасында алғашқы болып арнайы заң да бекітті. Содан бері жиырма жыл бойы аталған заң кәсіподақтарға ғана емес, елдің де әлеуметтік-экономикалық оң өзгеруіне серпін беріп келеді. Ал биыл аталған заң өзгертулермен толығып отыр. Жаңадан қабылданған заңның артықшылықтары, негізгі бағыттары кеше өңірлік әкімдікте өткен жиында сөз болды. Қостанай облысы кәсіподақтары кеңесінің төрайымы Балбөпе Ертаева бұл заң кәсіподақ қозғалыстарын жаңа қадамдарға бастайтынын атап өтті:

Ал өткен аптада кәсіподақтардың кезектен тыс ХХІІІ съезі өтіп, оған өңірімізден бес адам қатысыпты. Съезде жаңа заңның қабылдануына байланысты Кәсіподақ федерациясының жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген екен. Б.Ертаева сонымен қатар еліміздің мемлекеттік наградалары туралы заңына мемлекеттің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарды арнайы марапаттайтын "Еңбек Ордені" наградасы енгізіліп жатқанын айтты. Арнайы қаулы келер жылы күшіне енеді.
Аймақ басшысы Нұралы Садуақасов жаңадан қабылданып жатқан заңды өңірдің кәсіпорын, мекемелерінде кеңінен таныстыру мақсатында түрлі насихат шараларын жүргізу керектігін айтты. Себебі, заңды білген кез келген жұмыс адамы, кәсіпорындар, ұйымдар саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтай алады.
Шұға Қоңқабай