Жобаны талқылады

Қазіргі  кезде  елімізде  "Нұр  Отан"  партиясының    2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқылануда.
нұр отанБұл бағдарлама партияның саяси доктринасындағы құндылықтарды жүзеге асыратын концептуалдық, жүйелік сипаты бар саяси, идеологиялық құжат болып табылады екен.  Сондықтан да алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды жоюға басты назар аударылатын болады. "Stop Қылмыс" жобасын жүзеге асыру аясында Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің(қаржы полициясының) қызметкерлерімен өткен кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылбағдарламасын жан-жақты талқылау кезінде осы мәселелер айтылды. Жиында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің хатшысы Р.Нұрмағамбетов, "Stop Қылмыс" жобасының жетекшісі А.Кәкенов, "ГрИн" Азаматтық альянсының" директоры Г.Қапенова, "Нұр Отан"  партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы  әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары М.Дәуенов, облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары С.Тастайбеков сөз сөйледі, өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын жеткізді. Жиын  барысында айтылған ұсыныстар партияның орталық аппаратына жіберілмек. "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің хатшысы Р.Нұрмағамбетовтың айтуынша, 2008 жылдан бері қолданыста келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жалпы алғанда қойылған  мақсаттарды шешкенімен, бүгінгі уақытта өзінің өзектілігін жоғалтты. "Қазақстан 2050" Стратегиясының міндеті мен партия Доктринасындағы басымдықтарды назарға алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекет пен қоғамның бар күш-жігерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмылдыруды көздейді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру баяндамасын жариялау секілді басқа да жаңа механизмдерді енгізу қарастырылып отыр. Шығып сөйлеушілер қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске жұмылдыру қажеттігін,  сыбайластықпен   күресу тек мемлекеттік органдардың жұмысы деп ұғу – қате екендігін, қоғамның әр мүшесі жауапкершілікті сезінуі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керектігін де  айтты.
Гүлназым Сағитова

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓