Жаңа тағайындаулар
Жуырда Қостанай облысы әкімінің бұйрығымен Дін істері басқармасы басшысы болып Үмбетов Жанболат Жұмабайұлы тағайындалды.
Осыған дейін Жанболат Жұмабайұлы облыстағы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы лауазымында бірнеше жыл қызмет атқарған.
Ол облыстық дін қызметкерлерімен танысу мақсатында мешітімізге арнайы келді. Танысу барысында Қостанай облысы бойынша өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Сонымен қатар алдағы жоспарлар мен келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық туралы сөз қозғады.
Сонымен бірге өткен жұмада Торғай аймағы бойынша жауапты имам Бектұрсын Торғайбайұлы жұртшылық алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфтидің бұйрығы негізінде «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Әмірхан Рүстем Исламұлын Жанкелдин ауданындағы Оспанқожа әулие мешітіне бас имам болып тағайындалғанын жеткізді.





ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
өкілдігінің баспасөз қызметі
Рүстем, қасиетті кісілердің ұрпағысың ғой! Алға бауырым, елге жақын имам бол!