Қытайлық автобустар шығарыла бастады
Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолидің төрағалығымен өткен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің 8-отырысы барысында «Қостанай-Астана» телекөпірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қостанай-Астана» телекөпірі арқылы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өндірістік алаңында ANKAI атты автобустардың бірлескен зауыты іске қосылды.
«Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа үлкен мән бере отырып, бізге екіжақты тауар айналым көлемінің артуына, сонымен қатар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Жібек жолының Экономикалық белдеуі бағдарламасын үндестіру Жоспарын белсенді жүзеге асыруға көп көңіл бөлген жөн», – деді А.Мамин.
Жиын соңында Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің 8-отырысының хаттамасына қол қойылды.