“СҰҢҚАР” – ел игілігі үшін

9 мың тұрғыны бар Құсмұрын кентіне спорт орталығы ауадай қажет болатын.
– Ангарлы спорт залдар бүгінде көп жерлерде салынуда. Келешекте мұндай тәсілмен салынған ғимараттардың кемшін тұстары болса ескерген жөн. Ол үшін осы залда жаттығатын спортшылармен пікірлесіп отырыңдар, – деді облыс әкімі.
Бүгінгі шара Социалистік Еңбек Ері Балғабай Мырзахметті еске алуға арналған. Облыс әкімі спорт орнына қажетті жабдықтар үшін қаражат бөліп, спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген жандарды, жаттықтырушылар мен жас спортшыларды марапаттады.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Суретте: спорт залының ашылу салтанатынан көрініс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.