Басты күдікті ұсталды
Қостанай облыстық психоневрологиялық диспансерінің бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтіру қылмыстық ісі бойынша басты күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде растады.
«Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 2017 жылдың 17 сәуірі күні Руслан Гафаров ұсталды, – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен. – Қылмыс жасады деп айтыпталып отырған күдікті Қостанай қаласында пәтерлердің бірінде ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды».
Еске сала кетсек, 2017 жылдың 20 ақпанында танымал дәрігер, облыстық психоневрологиялық диспансердің бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваның қатігездікпен өлтірілген денесі өз пәтерінен табылды.
Жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілгеннен кейін, қысқа мерзімде аталмыш атышулы қылмысты жасаған 40 жастағы және 25 жастағы ер адамдардың (бұрын істі болған) және 45 жастағы күдікті – психоневрологиялық диспансердің бөлім меңгерушісінің аты-жөндері анықталды. Олардың барлығы тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.