Зейнетақы жүйесін жетілдіру үстінде

Бүгінде зейнетақы саласында көптеген өзгерістер бар. Бұл өзгерістерге әркім әрқалай қарайтыны тағы бар. Қаламызда "Basis" қоғамдық бірлестігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар өткізді.
пенсияСеминарға жиналғандарға алдымен зейнетақы жүйесінде мемлекеттің жүргізіп жатқан реформалары туралы ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы жобаны іске асыру барысында еліміздің әрбір өңірінде семинарлар өткізіліп отырады.
Семинар барысында қоғамдық бірлестіктің өкілі Станислав Чукуев Елбасының 2030 жылға дейінгі республикадағы зейнетақы жүйесін ары қарай жетілдіру Концепциясы жөнінде, зейнеткерлікке шығу жайында түсіндір-ме жұмыстарын жүргізді. Екі кезең бойынша жүзеге асатын Концепцияның халыққа тиімділігі көп болмақ.
Осы семинарға келген Аманкелді аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мұрат Тобағабылов өзін бірнеше мәселелердің толғандыратынын біл-дірді.
– Бүгінгі семинардан түйгенім көп. Дегенмен де зейнетақы реформасы  жұмыссыз, тек өз шаруашылықтарымен күн көріп отырған жандардың жайын ойлауы керек деп ойламын. Сонымен қатар зейнеткерлікке ертерек шыққандардың зейнетақы көрсеткіштері төмен. Оларда жинақтау қоры болмады. Алдағы 2018 жылы зейнеткерлік жинақтау қоры бір ретке келеді деп ойлаймын, – дейді  семинарға    қатысқан М.Тобағабылов.
Осы сынды мәселелер жинал-ғандар тарапынан көп болғанымен ұйымдастырушылар толық жауап бермеді. Себебі, бұл тек ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын басқосу еді.
 
Айтолқын Айқадамова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓