“Ауғанстан – жүректегі жара”

IMG_9561Міне, осындай тақырыппен Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кездесу болып өтті.
Жылма жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында  қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені осы соғыста өрімдей жас жігіттер қаза тапты. Бүгінгі жастар олардың  Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын,  патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен академияда түрлі деңгейдегі көрмелер, әдеби кештер, мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, көз көргендермен кездесу өткіземіз. Осы кеште солардың бірі.
Кешке  ауған соғысының ардагерлері  В.Пряхин, С.Жасубиев, А.Харченко, А.Коваленко арнайы келді. Кешті Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының көмекшісі  полиция полковнигі Қ.Айтқұлов ашты. Ол сөз барысында "Өз борыштарын адал атқарған ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтан әділетті орын беру   бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Бейбітшілік үшін күрескен ағалардың ерлігін сақтау, оларды үлгі-өнеге тұту – әрбір азаматтың борышы.  Жас ұрпақ бұдан үлгі-өнеге алуы керек", – деп шараның мәні мен маңызына кеңірек тоқталды.
Кешке шақырылған  ауған соғысының ардагерлері сол сұрапыл соғыстың өзіндік  ерекшелігін айта отырып, тыңдаушыларды бейбіт күннің парқын біліп, қастерлеуге,білімдерін көтеріп, біліктіліктерін арттыруға шақырды. Әр ардагерге тыңдаушылар ойларында жүрген сұрақтарын қойды.  Сондай-ақ, кеш қонақтарына Академия өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.
Іс-шараның соңында, Академия тыңдаушылары ардагерлерге естелік сыйлықтарын сыйға тартты.
Б. ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы академияның тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓