Жұқа мұз – жасырын қауіп
Әуесқой балықшылардың мұз ойып балық аулайтын маусымы енді басталды, ал ойын балалары үшін мұз үстінде сырғанақ тебу және қуаныш. Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті жұқа мұздың қаупі туралы ескертеді. «Солтүстік» өңірлік жасағының қызметкерлері қазіргі күні су айдындарында тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Күшейтілген қызмет шалғай ауылдарда да рейд жүргізіп тұрады. Тобыл бойындағы әуесқой балықшылар да соңғы ескертулерден хабардар.





Қасқырбай Қойшыманов