Тәуелсіздікке тарту

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Сарыкөл ауданында «Светлана» шағын сауда маркеті ашылды.
Сарыкөлдік тұрғындарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын бастаған бұл сауда нысаны «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.IMG_1948
Жалпы, қарапайым дүкенін шағын сауда нүктесіне айналдырып, бизнес көзін кеңейткен кәсіпкер  Светлана Хижникова он жылдан бері саудамен айналысып келеді.
-«БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы  – шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша серпін беретін жоба. Мемлекет қолдауының арқасында біз кәсібімізді ұлғайттық, жаңа жұмыс орындарын аштық, – деді кәсіпкер өз сөзінде.IMG_1939
Сауда нүктесінің ашылу салтанатына аудан әкімі Эльдар Күзенбаев арнайы келіп, халық игілігі үшін қолға алынған жұмыстың жемісті болуын тілеп, кәсіпкермен бірге сауда нүктесінің лентасын қиды. IMG_1993
Бұл күні сауда жасауға асыққан сарыкөлдіктердің санында қисап болмады. Әсіресе, алғашқы сатып алушы өңір басшысының өзі болды. Сондай-ақ, алғашқы тұтынушылардың бірі  Людмила Беккер тосын сыйға кенелді.Людмила Беккер
-Бүгін бәріміз үшін аса қуанышты жәйт. Ашылып жатқан шағын маркеттің бағалары қолжетімді, қаладағы супермаркеттердегідей барлығы бар. Сатушылар да жұршылықты жылы жүзбен қарсы алып, өз жұмыстарын тиянақты атқаруда. Дүкенге жиі келіп, қажетті тауарларды алып тұратын боламыз,-дейді тағы бір тұтынушы Роза Макина.Роза Макина
Қысқасы, сарыкөлдіктерге сый болған шағын маркетте күнделікті сұранысқа ие азық-түлік тауарлары мен шұжық өнімдері және тұрмыстық заттар сатылады. Бағалары да қолжетімді.IMG_2118
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓