Қамданыс пен толғаныс
Облыс орталығында мектеп базарлары жұмыс істей бастады. Жылдағы дәстүр бойынша, әдеттегі мекенжайларда – әл-Фараби даңғылы бойындағы "Балалар әлемі" дүкені алдында және М.Дулатов көшесі бойында, яғни орталық базар іргесінен орын тепті. Киім-кешек пен оқу құралдарына қашанғыдай таңдау кең. Дей тұрғанмен ата-аналардың көңілін күпті қылған жайттар да бар. Әсіресе, балалары 7-сыныпқа көшкелі отырғандар кітап біткенді өз есебімізден сатып аламыз ба деп алаңдаулы.
Әйткенмен, облыстық білім басқармасы мамандары биыл көзделген 7-сыныптың кітабын қайтадан шығару келер жылға қалдырылғанын айтып отыр. Яғни мұны мәселе қылуға әлі ерте. Мектеп кітапханаларында көмекші оқулықтар баршылық. Төрт жыл бұрын шығарылған болған соң олардың саны түгел болмауы мүмкін. Сондықтан толық комплект әуелі аз қамтылған отбасыларға беріледі. Қалғандары да тегін оқулыққа ие болады. Тек, әрі кетсе, бір-екі кітап қана сатып алуларына тура келуі мүмкін.
Бұл тұрғысында толығырақ ақпарат алуы үшін әркім өз мектептеріне хабарласқаны жөн.