Күн жылынады
«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне, яғни 8-10 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Антициклон шығыс бағытта жылжи отырып республикамыздың көптеген облыстарында аз бұлтты, жаңбырсыз ауа-райын сақтайды деп болжануда. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы батыс облыстарында күн райының жылынуына алып келді. Демалыс күндері күн райының жылынуы қалған аймақтарда күтілуде, сондықтан ауа температурасы қалыпты нормадан 3-7ºС жоғары болады деп күтілуде. Бірақ, сәуірде ауа-райы құбылмалы болғандықтан, демалыс күні еліміздің батыс аймақтарында Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
8 сәуірде күн ашық, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Жел оңтүстік батыстан 2-7 м/с. Түнде температура -4-6°С, күндіз +6+8°С.
9 сәуірде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік батыстан 5-10 м/с. Түнде температура -3-5°С, күндіз +9+11°С.
10 сәуірде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде температура 0,-2°С, күндіз +11+13°С болады деп күтілуде.