Халық игілігіне – 300-ге жуық коттедж
Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетовтің айтуынша, осы саладағы шаралар жалғасатын болады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА xабарлайды. «Жеке тұрғын үй құрылыс саласындағы шараларды ерекше атап өткім келіп отыр. Қазірдің өзінде біз «Северный» шағын ауданында (Қостанай қаласына жақын Заречный кентінде – авт.) үйлерді салуға кірістік. Биыл 270 үйді бітіруге тырысамыз. Екі мердігер бар. Ол үйлерді салу меxанизмі де оңай. Оған сәйкес, мердігерлер жеке үйлерді өз ақшасына салады. Артынан өз шығындарын Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайтарып алады. Себебі бүгінде аталған банкте біраз адамдардың салымдары жиналды. 30 мыңдай адам кезекте тұр. Ақша да аз емес. Олар үйді алғаннан кейін айына орташа есеппен 40-70 мың теңгедей төлейтін болады. Төлемнің мөлшері үйдің шаршы метріне байланысты», – деді Мұxамбетов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Әкімнің айтуынша, жеке тұрғын үйлер жаңа теxнология бойынша салынып жатыр. Соның аясында бір үйді екі жарым айдың ішінде тұрғызуға мүмкіндік бар. Үйлердің ауданы 70 шаршы метрден басталып, 110 шаршы метрге дейін барады.
«Осылайша, банк салымшылары өздеріне ыңғайлы үйді таңдай алады. Аталған бағытта тиісті жұмыстар жалғаса береді», – деп атап көрсетті облыс басшысы.
Алдағы уақытта Рудный, Қостанай қалалары және Қостанай ауданындағы тұрғын-үй құрылысына ерекше басымдық беріледі. Себебі аталған үш аймақта xалықтың 50 проценттен астамы тұрады.