ЭКСПО-ға 400 автобус жеткізіледі

Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетовтың айтуынша, ағымдағы жылда аймақта жолаушылар автобустың тағы бір маркасын құрастыруды қолға алынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. экспо"Бұдан бөлек, биыл біз ЭКСПО-ға автобустарды жеткізетін боламыз. Ол үшін "Аstana LRT" компаниясымен келісімшартты рәсімдедік. 400-ге жуық автобусты жеткізетін болдық. Аталған көліктердің басым бөлігі – көп адамды сыйғыздыра алатын автобустар. Оған 100-ден астам жолаушы сыяды. ЭКСПО кезінде ол автобустар туристерді тасымалдайды. Ал көрме өткеннен кейін елорданың қоғамдық көліктер паркін толықтыратын болады", – деді Мұxамбетов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Бұдан бөлек, облыс кәсіпкерлері азық-түлік өнімдерін тонналап жеткізетін болды. "Қостанай облысынан балмұздақ өнімдері де ЭКСПО көрмесіне жеткізіледі. Қазіргі кезде біз Астана қаласының әкімдігімен бір келісімге келдік. Жалпы, көрме кезінде облыстан 4-6 мың тонна азық-түлік өнімдері жеткізілетін болады", – деп атап көрсетті облыс басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓