Көрме қонақтары шұбаттан дәм татады
«ЭКСПО» көрмесіне келетін қонақтар Маңғыстаудың шұбатымен шөл бассын. Елбасы мұнайлы өлкеге жұмыс сапармен барғанда жергілікті шаруаларға осындай табысты маркетинг тəсілдерін ойластыруды тапсырды. Бұл туралы 24.kz. сайтына сілтеме жасап, "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Қара алтын қорын жастанып жатқан аймақ шикізаттық емес саланы қолға алса, түйе шаруашылығын дамытып, көкөніс өсірсе, өңір басқа қырынан танылар ма еді дейді президент. Демек осы салаларға инвесторларды молынан тартып, ел игілігін бірлесе иегеретін уақыт жетті.