Инватакси қызметіне зәру

Қостанай қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Инватакси» қызметі тоқтап тұр. Аталмыш қызмет түрінің қолданушылары мешін жылы басталғалы бері жұмысқа, оқуға бара алмай отыр. Мүгедектер арбасына танылған адамның қоғамдық көлікпен жүріп-тұруы қиын екені айтпаса да түсінікті.Бір топ мүмкіндігі шектеулі жан мәселенің мәнісін түсінбекке «Преодоление» орталығының ғимаратына жиналды. Арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, оған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерін шақырды. IMG_0991-Мүгедектердің қала ішінде жүріп-тұруына ыңғайлы көлік – «Инватакси» болатын. Елбасының Жолдауынан соң көптеген мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туды. Енді сол азаматтар жұмыстарынан қалып жатыр. Себебі, тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған азаматтарға қоғамдық көлікпен жүру қиын. Әсіресе, қыс мезгілінде,-дейді «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы Дүйсенғали Оспанов. IMG_0999«Инватакси» қызметі Қостанайда 2008 жылдан бері жүзеге асып келеді. Соның арқасында қамкөңілдер межелі жерге тегін барып келетін. Ал 2016 жылдың алғашқы айынан бастап «Инватакси» қызмет көрсетуін тоқтатқан. IMG_1035– Инвотакси қызметін жеткізуді Қостанай қалалық мүгедектердің еріктілер қоғамы жүзеге асырып келді. Автопаркте мамандандырылған 6 көлік бар. 2016 жылғы 1-қаңтардан бастап барлық келісім-шарттар мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалады. Яғни, келісім-шарт электронды түрде жасалып, ЭЦҚ арқылы қол қойылады. IMG_1017Порталдың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты инвотакси қызметі туралы мәліметті жеткізушіге дер кезінде жібере алмадық. Порталдың мүмкіндігіне байланысты аталған мәселені бүгін шешуге тырысамыз. Егер техникалық ақаулар туындаса дүйсенбіге дейін бір жауабын береміз,-деді Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жетекшісінің орынбасары Алла Харахорина. IMG_1010
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓