Көрмеге қатысушылар марапатталды

«EXPO-2017» бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. Халықаралық көрменің жуырда ғана жабылу рәсімі болып өтті. Аталмыш шараға 3000-нан астам ерікті қатысты. Олардың көпшілігі жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қызмет өткеру үшін арнайы Ішкі істер министрлігінің ведмостволық жоғары оқу орындарының курсанттары шақырылған болатын.1Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуға  қатысатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3,4 курс курсант қыздары үлкен құрмет пен зор сенімге ие болды. Мұндай жаhандық ауқымды оқиғаға қатысу мүмкіндігі – біздің курсанттарымыз үшін үлкен мәртебе. Іс-шара уақытында көрмеге келген қонақтарға көмек көрсетуде өздерінің ерекше ерліктерімен көзге түскен курсанттар да болды.10Көрменің жабылу салтанатына орай 14 қыркүйек күні қызмет атқарып жүрген курсанттарымыздың соңғы ағыны, яғни, 4 курс курсант қыздарын қарсы алған болатынбыз. Осыған орай, Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде қызметтерін абыроймен адал атқарып, батылдық, ерлік танытқандары үшін Қостанай академиясының  бастығы полиция генерал –майоры Мирлан Қызылов Академияның саптық алаңында батыл да, қайсар курсант қыздарымызды салтанатты түрде жек және аыспалы құрам алдында ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Н.Қасымовтың атынан келіп түскен мақтау грамоталарымен марапаттады.Сонымен қатар, осы аталмыш іс-шараға белсене қатысып, курсанттардың тәртібіне жауапты тұлға ретінде барған Академияның бірнеше қызметкерлері де жоғарыдағы мақтау грамоталарымен марапатталды.11Жалпы құқық қорғау органдарының қызметіне келетін болсақ, Елбасымыз да халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсартқандары үшін, мұндай іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздіктің айрықша күрделі мәселе екеніне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалаған болатын.12 Мұндай аса маңызды әрі әлемдік деңгейде өткізілген «ЭКСПО-2017» көрмесінің сәтті аяқталғанына қуаныштымыз, ал ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарын айта кететін болсақ, курсанттарымызға аталмыш іс-шара тек қана оң нәтижелерін тигізді демекпіз. Себебі, теория жүзінде жинақтаған білімдерін шын мәнінде тәжірибеде шыңдады десек те артық емес.
 
Мейрам Оспанов,
Академияның баспасөз хатшысы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓