G-Global алаңы Қазақстанның халықаралық бастамаларын iлгерiлетуге көмектеседi – С.Нөгербеков
Ал «G-Global» коммуникативтiк алаңының мақсат-мiндетi, оның атап өтуiнше, интернет-ресурсты пайдалана отырып, осы жобаларды iлгерiлету болып табылады.
«Бiз елiмiздiң барлық халықаралық бастамаларын интернет-ресурс арқылы iлгерiлетумен айналысамыз. Егер нақтырақ тоқталсақ, 21-22 мамырда Астанада сегiзiншi экономикалық форум өтедi. Қазiрде бұл форумның мазмұндық бөлiмiн талқылап жатырмыз. Бүгiнгi күнi 150-ден астам конференция өтiп, 8 мыңнан астам баяндама орналастырылды», – дедi ол.
«2017 жылы Қазақстанда ЭКСПО халықаралық көрмесi өтедi. Қазiрде белсендi түрде көптеген iс-шаралар өткiзiп жатырмыз. Көрменiң тарихында Қазақстан тұңғыш рет ЭКСПО-ға дайындық кезеңiнде онлайн-платформаны пайдаланып отыр. Бүгiнде көрменiң онлайн-платформасында «Online Expo-2017» көрмесi, «Online Expo-2017» халықаралық байқауын ұйымдастырдық», – дейдi С.Нөгербеков.