БІЗДЕН БІРЕР СӨЗ

Өңірдегі қалың қазақ жұртының айнымас серігі, сырлас досы, облыстың айнасы,  төл басылым  –  «Қостанай таңын» қолдарыңызға алған сайын тыныс-тіршілікпен қатар, оған сын көзбен де қарайтындықтарыңызды сеземіз. Соңғы кезде, «етжеңділігінен» («Қостанай ақшамы») гөрі  жіптіктей болып шыға бастағанын да аңғарған боларсыздар. 
Мұны, турасынан келсек, бүгінгі бәсеке  заманының, уақыттың сын-қатерлері мен қатаң талабының әсері деп түсініңіздер.
Жанашыр оқырмандардан несін жасырайық,  күн санап құбылып отырған баға газетіміздің материалдық ресурстары мен қызмет түрлерін күрделендіріп жіберді. Айталық, газеттің қағазы, оның бояуы, басып шығару ақысы тағы қымбаттады. Шыққан газетті облыс көлеміне тарату ақысы да артты. Редакция қызметкерлерінің еңбек ақысы, сондай-ақ, басылым ғимараты, оның жылуы мен электр қуаты, байланыс,  көлік, салық төлемі  және күнделікті ағымдағы шығындардың бәріне  едәуір қаржы-қаражат жұмсалады. Ал сол қаржының көзі: тираж ақысы, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметі, басқа да қызмет түрлері. Енді міне биыл осы аталған қаржы көздерінің бірқатарында нарықтың қатаң талаптары еніп, қызмет таңдауын өзгертті. Жыл сайынғы біз көрсетіп жүрген кейбір ақпараттық  қызмет аяқ астынан  күрт қысқарды. Соның салдарынан газет шығындарын дер кезінде өтейтін қаражат тапшылығы туды. Қазір  көрпеге қарай көсілуімізге тура келіп тұр.
       Бірақ бұл, біздіңше, уақытша құбылыс дегіміз келеді. Себебі, құрылтайшылармызбен тізе қоса тығырықтан шығу шаралары қарастырылуда. Бір айта кететіні, облыс әкімінің қолдауымен осыдан үш жыл бұрын басталып, шыға бастағанына биыл  95 жыл болатын  тарихы бар   «Қостанай таңы»  сатылудан бір жолға аман қалды..
        Осы орайда біз,  өңірдегі ұлт газетіне деген облыс әкімінің жанашырлығына ризалығымызды білдіреміз. Қазіргі уақытша қиындық та назардан тыс қалмайды деген үміттеміз.
    Ең бастысы – «Қостанай таңы» – ЕЛ ГАЗЕТІ. Біздің сүйенеріміз де тірегіміз –Сіздер  қалың оқырман!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓