Сауалнамаға қатысыңыз!
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Сіздерді аймағымыздың бүгінгі қоғамдық-саяси ахуалын айқындауға бағытталған қоғамдық пікір сауалнамасына қатысуға шақырамыз. Сіздің көзқарасыңыз облысымыздағы өзекті мәселелерді анықтауға әрі келешекте олардың шешімін табуға септігін тигізеді. Біздің өтінішімізге кімнің үн қатқандығын білу үшін сауалнама соңында атыңызды немесе тегіңізді (фамилия), мекен-жайыңызды және телефон нөміріңізді қалдыруыңызды сұраймыз. Сіз жайлы мағлұматтар, білдірген пікірлеріңізбен мүлде қатынаспайды. Олар мәліметтер базасына тек сандық баламада түседі. Ал пікірлер орташа облыстық ауқымда жүйеленеді. Құрметпен, "Қостанай таңы" газетінің әлеуметтік эмпирикалық зерттеу орталығы. Сауалнамаға мына сілтеме арқылы өтуіңізге болады: