Танысын тұншықтырғаны үшін…

Қарабалық ауданының 35 жастағы тұрғыны танысын тұншықтырып, әлімжеттік көрсеткені үшін жазаланды.задушить
Айыпкер танысының үйіне қонаққа барып, үшінші тұлғаға күш көрсеткен. Алайда, мұндай ессіздікке баруына не себеп болғаны беймәлім. Анығы – сұхбаттастардың ортасына ортақ таныс әйел кіріп келгенде, жазаланушы ат-жөнсіз онымен шатыса кетіп, алқымына ұмтылған. Оқыстан кереуетке жығып, кеудесінен аяғымен жаншыған. Абырой болғанда, шиеленіс ауыр зардапсыз аяқталды. Ал, жәбірленуші әйел денесіне соққыдан жарақаттар түскенін айтып, аудандық сотқа шағым жазады. Сот айыпкердің бұған дейін істі болмағанын, сондай-ақ жапа шегушінің жағдайының қалыпты екенін ескеріп, сәйкесті жаза тағайындады. Яғни ол өз айыбын 65 сағат қоғамдық жұмысқа тартылу арқылы өтемек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓