Сарыкөл мешітіне жаңа көлік сыйлады

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде өткен Пайғамбар ғалейһи уассаламның туған күніне арналған Мәуліт мерекесінде сарыкөлдік мұсылмандар жарқын сәттің куәсі болды.
Аудан әкімі Эльдар Күзенбаев аудан атынан Аққозы қажы аудандық мешітінің бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалыққа жаңа үлгідегі «Ravon Nexia 3» маркалы су жаңа көліктің кілтін табыстады.17571330_1867789513510750_1818396526_oАйта кеткен жөн, дәл осындай сәт аудан тарихында бұрын-соңды  болмаған жағдай. Бұл жағымды жаңалыққа мұсылман жамағаты да, бас имам да дән риза.
Жеңіл көлікке қаражаттай қосылған Қаратай Өтемісов, Серікбай Жұмағұлов, Тұрсынбай Садуақасов, Талиб Санакулов, Баймурза Сатаев, Егеубай Маматек, Секеш Сұлтанғазинов, Рустем Молдатаев, Мұрат Оразбеков, Гюмрах Аллахвердиев, Қарабай Такишев, Ваник Мелоян және Қайырбай Мақатовсынды кісілерге бас имам алғыс хат табыс етті. Шын көңілімен ризашылығын білдірді.17549046_1867789520177416_1531639349_o-Аллаға шүкір, қасиетті Мәуліт мерекесінде мешітімізге жаңа көлік сыйлады. Осы іске ұйытқы болған аудан әкіміне және демеушілерге алғысым шексіз. Алла разы болсын! Істеріне берекет берсін! – деді бас имам.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Даурен!!! Құтты болсын!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓