Ер адам өрт ішінде қалды

Оқиға Федоров ауданында болған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-на облыстық өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Хабарламада айтылғандай, Федоров ауылында күзетші отыратын нысан, дәліз және асхананың шатырының біраз бөлігін өрт шарпыған. Тиісті мекемеге дабыл сағат 11-лер шамасында түседі. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен екі арнайы техника жіберілген. Ауқымы жүз шаршы метр болатын өртпен күрес екі сағатқа жуық уақытқа жалғасқан. Өкінішке қарай, алау ауыздықталып болысымен, нысаннан 43 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама жасақталып, оқиғаның себептері анықталуда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓