Қоржынында – қос медаль
17-24 наурыз аралығында Дубайда FaZZa-9 әлем Кубогының кезеңі өтті. ҚР паралимпиадалық құрамасы сапында Қостанай облысының өкілдері – Ольга Настевич және Павел Сидорчук өнер көрсеткен еді. Бұл туралы "Лисаковск онлайн" сайты хабарлайды.
Екі спортшы да Лисаков қаласынан. Павел ҚР құрамасының қоржынына екі медаль салды: ядро лақтырудан "күміс" және сүңгі атудан "алтын" жүлде. Сайыстың соңғы түрінен ол 30,58 метр көрсетіп, үздік нәтижемен топ басына шықты.

Ол енді 25-27 наурыз аралығында БАӘ-нің Шарджа қаласында өтетін ашық чемпионатқа қатысады.
Айта кеткен жөн, П.Сидорчук – Лисаков қаласының құрметті тұрғыны, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Өткен жылы тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар арасында Азия және Океания чемпионы атанды. Сондай-ақ, облыстың ең үздік 25 спортшысының құрамына енді.