Тоқтар жеңіске жетті

Қостанайдағы Наурыз тойында ұлттық спортымыз қазақ күресінен жарыс өтті. Балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде бақ сынады. IMG_0041Түйе балуан үшін болған білектілер жарысына 16 спортшы қатысты. Бұл боз кілем бәсекесінің финалында облысымызға белгілі балуан, Азия чемпионы Тоқтар Жиентаев пен республикалық "Жас Барыс" атағының иегері Аян Махмут күш сынасты. Екі спортшы да жеңіске лайықты еді, бір-біріне есе жібермеді. Негізгі уақытта қос балуан тең ұпай жинағанымен, қосымша кезеңде, яғни қоян-қолтық белдесу кезінде Тоқтардың асығы алшысынан түсті. Осылайша, былтырғы Наурыз тойының күміс жүлдегері биыл жеңіске қол жеткізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓