Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні ! ! !

Бүгін Қостанай қаласының көп ұлтты халқы бір шаңыраққа топтасып, Ұлыстың Ұлы күнін достық пейілмен қарсы алды. Таңмен таласа қаланың орталық алаңына ағылған жұртшылық ұлттық тағамнан дәм татып, түрлі қызықты ойын-сауықтық бағдарламаларға куә болды.IMG_9900
IMG_9857
IMG_9868
IMG_9957Ұлы даланың ұлық мерекесі әз Наурызды Тобыл-Торғай тұрғындары ұлттық дәстүрлерімізді сақтай отырып ұйымдастырды. Орталық алаң, әкімдіктің алдында ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Әр шаңырақта ақ дастархан жайылып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін өнерлі жастар жиналыпты. 
 
 
Алдымен, мерекелік сахнаға Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов көтеріліп, шаһар тұрғындары мен қонақтарына ізгі тілегін жеткізді.IMG_9866
 
Бұдан соң қазақ халқының салт-дәстүрлерінен үзінділер көрсетілді. Бүлдіршіннің тұсауын кесіп, жас баланың алғаш атқа міну рәсімі жасалды. Көп ұзамай мерекенің басты кейіпкері әрі сыйлы қонағы Қыдыр ата да келіп, көпшілік қауымды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ақ батасын берді. IMG_9985
IMG_0002
IMG_0016Балуандар күресіп, мергендер асық атып, білектілер арқан тартысып, ұлы тойдың көркін қыздыра түсті.
«Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болмақ» деген қағиданы берік ұстанған халық мерекелік алаңнан тарқамай, той-думанды ақырына дейін тамашалады. Жасы мен кәрісі әр үйден дәм татып, игі күндерде кездесуді тілек етіп жүр.
IMG_0030
IMG_0021
IMG_9933
IMG_9887
IMG_9849Ал, мерекеге арнап киіз үй тіккен мекемелердің ішінен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің шаңырағы ерекше әдемі деп танылды.  
IMG_9739

 

Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓