“Горняк” кезекті жеңісіне қол жеткізді

Атыраулық «Бейбарыстың» қақпасына жауапсыз төрт доп салып, «Горняк» кезекті жеңісіне қол жеткізді, -деп хабарлайды рудныйлық хоккей командасының баспасөз кықзметі.Eh7JqhzLAxQБар-жоғы, он бес минуттың ішінде «Горняк» ойыншылары таблодағы есепті 3:0-ге жеткізді. Қонақтар ойындарын түзегісі келіп, қақпашыларын ауыстырды. Алайда, ол да өз кезегінде бір допты өткізіп алды. Рундыйлықтар сапында Эгилс Калнс пен Сергей Банашков көзге түсті және қос голдың авторы атанған Игорь Черкасов ерекше ойын өрнегін көрсетті. Маусымда алғаш рет қақпасын голдан аман алып қалған қақпашы Антон Тодыковтың да еңбегін атай кеткен жөн. Евгений Зиновьев шәкірттерінің тағы бір жетістігі  ойын барысында жарақат немесе ескерту алып, алаңнан қуылмады.
Келесі жолы «Горняк» Өскемен мен Павлодар қалаларына қонаққа барады.   

Cjew7-h9AQU

 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓