Балық аулауға тыйым салынды
Қостанай облысының оңтүстігіндегі Арқалық қаласы және Аманкелді, Жанкелдин аудандарындағы өзен-көлдерде 20-наурыздан бастап, 20-сәуірге дейін балық аулауға тыйым салынбақ. Бұл туралы "Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі" мекемесінің балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мәди Мұхаммеджанов мәлімдеді.Мамандар балықшыларға тиісті ережені сақтауды ескертеді. Рұқсат етілген мерзімде және белгілі мекендерде де ғана қармақ салуға кеңес береді.
Мәди Мұхаммеджановтың айтуынша, дәл қазір балықтардың уылдырық шашып, судағы басқа да тіршілік иелерінің көбейетін шағы. Арқалық қаласы және Аманкелді, Жанкелдин аудандарында шортандарды 20-сәуірге дейін аулауға болмайды. Ал, сазан, аққайран, оңғақ, көксерке сияқты балық түрлеріне сәуірдің 20-нан, мамырдың 30-на дейін тиіспеген жөн.