ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен әдебиет және өнер қайраткерлеріне Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл тізімде Қостанай облысының тумалары, даңқты жерлестеріміз бар.
Олар: жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдік,Ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғара, Белгілі жазушы Сәбит Досанов.