«Шахтерді» қапы қалдырды
26-27 шілде күндері Қазақстан Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы кезекті 21 тур ойындары болып өтті. Осыған сәйкес Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған болатын.

Кездесудің екінші таймында алаңға Йиржи Йеслинек пен Рауль Джалилов шықты. Міне, осылар матчтың соңына қарай «Тобылға» нәтиже әперді. 90 минутта Йиржи Йеслинек қарағандылықтардың қақпашысын алдап соқты. Қортынды есеп 2:0. Көптен бері тоғызыншы орыннан жылжымаған «Тобыл» 26 ұпаймен турнир кестесіндегі сегізінші орынға көтерілді.
Енді «Тобыл» футболшылары 3 тамыз күні сырт алаңда, Семейдің «Спартагімен» күш сынасады. Қалған матчтардың нәтижелері төмендегідей: «Астана» — «Атырау» 3:0, «Қайрат» — «Спартак» 4:1, «Ордабасы» — «Тараз» 1:1 «Қайсар» — «Жетісу» 0:0, «Ертіс» — «Ақтөбе» 1:1
Айбек Кәдірұлы
Суретті түсірген Айбек Жүзбай