Көптен күткен күрделі жөндеу

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі орналасқан ғимарат, сонау 1975 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген екен. Тозығы жеткен нысанның соңғы жылдары төбесінен тамшы ағып, ұжымға қатты қиындық тудырған еді. Биыл көптен күткен мәселе оң шешімін тауып, облыстық білім департаментінің көмегімен 23 млн теңге қаржы бөлініп, колледж төбесінің күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.
DSCF5846 – Төбеміз шатырлы болады. Қуанышымызда шек жоқ. Оқыту жүйесіне әбден кедергі келтірген, өзекті мәселе болатын. Алдағы жылдарда инженерлік жүйесін жаңғыртып, толық күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Дархан Берікбайұлы.
Мердігер компания  – "Алюминқұрылыс" ЖШС. Бұл күнде құрылыс ошағының ескі төбе жабындылары тазартылып, кірпіш қалаушылар қарқынды жұмыс жүргізуде. Жақында ағаш шеберлері іске қосылады.
Келісім – шарт бойынша күрделі жөндеу жұмыстары екі айдың көлемінде аяқталмақ.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓