Алдағы уақытта Сарыкөл ауданында аквапарк ашылмақ. Бүгінде құрылысы басталып та кетті.
SONY DSC
SONY DSC
Өңір орталығының Тәуелсіздік көшесі бойында құрылысы қыза түскен нысанды сарыкөлдік белгілі меценат, «СарыкольДорСтрой» ЖШС директоры Ваник Мелоян қолға алды. Кәсіпкердің айтуынша, бұл жерде заманауи үлгідегі екі жабық бассейні бар аквапарк салынады. Оның біреуі ересектерге, ал екеншісі сарыкөлдік өскелең ұрпаққа арналмақ.
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы.