“Самаурындар әлемі”
Арқалықтағы облыстық "Дала өлкесі тарихы» мұражайында түрлі танымдық іс – шаралар жиі өткізіліп тұрады. Көненің көзін қадірлеген ұжым кезекті көрмелерінің бірін "Самаурындар әлемі" деп атады.
Мұражай мәліметіне сүйенсек: Самаурын орыстың "самовар" деген сөзінен шыққан. Қалпы: шар тәрізді, оттықты, қос құлақты, шүмекті, төрт аяқты, қақпағында бу шығаратын саңылауы бар. Алғашқы самаурынды жасаушы Тула қаласының қару – жарақ зауытының шеберлері Иван мен Назар Лисициндер. Олар 1778 жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып, одан самаурын жасап шығара бастаған. Самаурын қазақ жерінде XІX ғасырдан бастап қолданысқа еніп, күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымға айналды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы