Күдікті өз кінәсін мойындады

Рудныйлық жеті жасар Виктория Ганяның өліміне қатысы бар деп тұтқындалған күдікті  тергеу барысында өз кінәсін  толық мойындады.  Бұл туралы Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары  Болат Челикенов мәлімдеді.
 турмаБұған дейін  аталмыш қылмысқа қатысы бар деп Рудный қалалық сотының санкциясымен тұрғылықты мекенжайы жоқтарды әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрып келген  19 жасар күдікті қамауға алынған болатын.  
Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары  Болат Челикеновтың мәлімдеуінше,  полицейлер бейімдеу орталығына келгенде, бұл бозбаланың қашуға әрекеттенгені күдік тудырған. Тәртіп сақшыларымен сөйлесуден бас тартқан.  Ол бұған дейін аталмыш орталықтың  психологына өзінің  жасаған қылмысы туралы толығымен  айтып беріпті. Күдіктінің жүйке ауруына шалдығуына орай  оған қатысты тергеудің барлығы психологтың  қатысуымен өтіпті.
Күдіктіні екі куәгердің  танып отырғанын айта кеткен жөн.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓