ТЖ балалар көзімен

Жыл сайын Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, қала мектептері оқушылары арасында профилактикалық жұмыстар, акциялар, конкурстар жүргізеді. Халықаралық азаматтық қорғаныс күні қарсаңында «Мен және ТЖ» атты жаңа акция басталды. Балалар белсенді қатысып, 17 мектептен  69 сурет қабылданды, тіпті балабақшалар да өз жұмыстарын әкелді. Суреттер конкурсының қорытындысы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінде өткізіледі.IMG-20170307-WA0009
 
IMG-20170307-WA0010
IMG-20170307-WA0012Осындай акциялардың ең басты мақсаты – балаларға барынша ертерек ТЖ-ға жол бермеуге баулу. Ал шығарма байқауында 15 қала мектептерінен 30 жұмыс қабылданды. Балалар шығармаларында «ТЖ қызметі туралы не білесіндер?» атты тақырыпты толықтай ашып, қызықты және креативті жазған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓