Қарашада қазадан арашаланғандар

Күздің аяғы мен қыстың басындағы ауа райына байланысты полицейлер көлік жүргізушілерімен алдын алу шараларын ширата түсті.  Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда абай болуға шақыруда. Өйткені қараша айы басталғалы, яғни екі күн ішінде екі жол апаты тіркелді. Кесірінен 5 адам жапа шекті.Gololed
Жол-көлік оқиғалары Әулиекөл және Қостанай аудандарында болды. Қостанай-Әулиекөл-Сурган автожолында «HYUDAI H-1» көлігінің жүргізушісі Астанадан Ресейге бара жатып, тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне аударылып кеткен. Келесі оқиғаға да себепші болған – тас жол тайғақтығы. Қостанай ауданында «Тойота-Рунер» және «Лада-Гранта» автокөліктері соқтығысты. Алдын ала болжамдар бойынша, тойота тізгініндегі азамат оқиғаға кінәлі: қарсы жолаққа шығып кеткен. Лададағы жолаушылар мен жүргізуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті полицейлер жүк тасығыш көлік иелеріне және таксишілерге ережені түсіндіру шарасын жүргізуде. Өйткені аталған көлік тізгініндегілердің қатысуымен Қостанай ауданында 7 жол қозғалысы ережесі бұзылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓